Қала әкімі медициналық мекеменің ашылу салтанатына қатысты

Бүгін «Almaz Medical Group» қалалық емханасының тағы бір орталығы ашылды. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты.

Жаңадан ашылған орталықта алғашқы медициналық-санитариялық көмек, профилактикалық және диагностикалық бөлімдер бар. 17 төсектік күндізгі стационар, процедуралық және егу кабинеттері де қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемесінің техникалық базасымен танысқан Бақытжан Әмірбекұлы орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. «Біздің басты міндетіміз – тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету арқылы олардың денсаулығын оңалту», – деді шаһар басшысы.

Емхана халық тығыз қоныстанған 10,11 мөлтекаудандардың тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Comments (0)
Add Comment