Биыл облыс орталығында коммуналдық жерлерді жөндеу жұмыстары қарқынды. Сонымен қатар, аулалар мен саябақтарды абаттандыру жұмыстарына да ерекше ден қойылып отыр.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаиыл №5 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесіп, Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы Жуаныш Жарықбасовтың баяндамасын тыңдап, биыл атқарылып жатқан және алда іске асатын жұмыстар легімен танысты.
-Жалпы №5 округ аумағында тұрғындар саны 44 069 адамды құрайды. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, №5 аумақтық округ бойынша 13 көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. «Таразға тарту» бағдарламасы аясында 10 аллея салынды. Ағымдағы жылы «Аса» мөлтек аудандағы 19 үйдің маңындағы кіші-футбол алаңшасы жөндеуден өткізіледі. №27, №32 тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады,-деді Жуаныш Қалықбергенұлы.
Өз кезегінде тұрғындар көптен бері мазалаған көкейкесті мәселелерін ортаға салды. Жергілікті халық көбіне жарық, су және ауланың тазағылығы мәселесін көтерді. Қала басшысы, сала жауаптыларына бұл мәселені жіті бақылауға алуды тапсырды.