Қала көшелерінде кептеліс азаяды

Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстарына үлкен мән беріліп жатыр. Қаланың қай аймағына барсаңыз да, қайнаған құрылыс алаңына кезігесіз. Әсіресе соңғы жиырма-отыз жылда жөндеу көрмеген жолдарға асфальттің төселуі – тұрғындар үшін үлкен олжа.

Сондай-ақ кептеліс көп орын алатын негізгі көшелерде тиімді шешім қабылдау – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратыны сөзсіз.
Облыс орталығындағы Жамбыл даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы оңға бұрылу жолдары – осы сөзіміздің айқын дәлелі. Бұған дейін аталмыш көшелердің қиылысында ұзын-сонар кептеліс орын алатын. Әсіресе таңертеңгі жұмыс уақыты мен кешкі мезгілдерде тараздықтардың жүйкесіне әбден салмақ түсетін. Енді бірер күнде бұл мәселе толығымен шешіліп, аталмыш көше қиылысында кептелістің түйіні тарқатылады.
Қазір мұндағы жиырмаға жуық жұмысшы соңғы асфальт төсеу жұмыстары мен негізі жол белгілерін орнату жұмыстарын атқаруда. «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мердігерлігімен қолға алынып жатқан құрылыс жұмыстарының жалпы ұзынды- ғы – 505 метр.

Құрбанәлі ШАХАБАЙ

Comments (0)
Add Comment