Бүгін Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 19-шы сессиясы өтті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков, орынбасарлары, қоғамдық кеңес төрағасы Сембек Сейдәзімов пен бөлім басшылары қатысқан басқосудың күн тәртібінде «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу және жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту мәселелері қаралды. Алғашқы мәселе бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев баяндама жасады.