Қала аумағына аэротүсірілім жүргізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағында «Жер учаскелерінің, табиғи және минералды учаскелердің кадастрлық жүйелерін интеграцияланған дамыту үшін бірыңғай цифрлық платформада экономика салаларының кеңістік деректері инфрақұрылымын құру» тапсырылған болатын.

Осы бағытта 2023 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі облыс аумағындағы барлық елді мекендердің картографиялық және қала құрылысы деректерін дәл, нақты дәлдікпен байланыстыру үшін жергілікті бюджет есебінен аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген болатын.
Жоғарыда аталған тапсырманы орындау үшін 2024 жылы бірінші кезекте Тараз қаласының жаңа құрылыс нысандары бой көтерген жалпы 3 387,8 гектар аумағына (№14, №15, №16 шағынаудандары мен «28 саяжай», «Көлтоған», «Қарасу» («Құмшағал») тұрғын алқаптары) жүргізілген аэрофототүсірілімді жаңартып, қалаға қосылатын 12 906,7 гектар аумаққа бірыңғай форматта аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізу қажет етіліп отыр. Бұл қатарда халқының саны 5 мыңнан жоғары – Қордай ауданындағы Отар, Сарысу ауданындағы Саудакент, Шу ауданындағы Бірлік және Қонаев ауылдары да бар.
Осы орайда 2024 жылдың 25 сәуірі мен 20 мамыры аралығында «Geoscan-Kazakhstan» (Геоскан-Қазақстан) ЖШС ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы масштабы 1:500, кеңістіктік рұқсаты 5 см/пиксель болатын аса жоғары шешімдегі аэрофототүсірлім жұмыстарын жүргізеді.
Аэрофототүсірілім картографиялық деректердің, яғни әрбір елді мекеннің даму жоспарларының (бас жоспарлар мен оңайлатылған сызба, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары), қала құрылысы талаптары (қызыл сызық, әртүрлі қорғау аумақтары, өндірістік аумақтар) мен нормаларын, бос жер учаскелерін белгілі бір масштабпен және тура дәлдікте облыстың геопорталына және республикалық «Жария кадастрлық картаға» орналастыруға мүмкіндік бермек.

«JT-ақпарат»

Comments (0)
Add Comment