Мен әрдайым тек сапалы өнім шығаруға тырысамын. Сол секілді сіздің де кәсібіңіз міндетті түрде танымал болуы керек. Сіздің салаңызда дәл сіз сияқтылар көп болса да, сіз бірінші болуыңыз қажет. Ол міндетті. Бәсеке арқылы ғана жоғары деңгейге көтеріле аласыз. Бір сәтке болса да өзіңізді сатып алушымын деп елестетіңіз. Сіз ұсынған өнім шынымен де керек пе? Несімен пайдалы? Неге дәл сізден алу керек? Осылардың жауабын білген кезде іске кірісіңіз. Бір нәрсені ұмытпаңыз. Сізде орта деңгей деген мүлде болмауы керек. Сіз тек жоғары деңгейден ғана көрінуіңіз керек және сол деңгейдегілерді ғана мойындаңыз.
Илон Рив Маск, «Space X», «Tesla Motors» компанияларының негізін қалаушы, өнертапқыш