Қалаға қосылған алқаптарда мәдениет нысандары ашылады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Баяндамасы барысында Бақытжан Әмірбекұлы мәдениет саласында атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

– Ағымдағы жылы «Құмшағал» тұрғын алқабында 140 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Ұлы Дала» шағынауданында 40 мың кітап қоры бар жаңа кітапхана ғимараты ашылды. Сонымен қатар Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің құрылымында жастар театр студиясы жұмысын бастады.

Алдағы уақытта Тараз қаласына қосылған елді мекендердегі тозығы жеткен мәдениет нысандарын жөндеуді жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, «Қызылжұлдыз» және «Талас» алқаптарындағы мәдениет үйлерін қайта жаңғыртудан өткізу үшін жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.

 Бұдан бөлек, «Бектөбе», «Шайқорық» алқаптарындағы мәдениет үйлерін және «Қоңыртөбе», «Сұлутөр», «Шайқорық» алқаптарындағы кітапхана ғимараттарын ағымды жөндеу қарастырылуда.

Comments (0)
Add Comment