Алғыс айту – татулық айғағы

Алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Қазақ халқы қиын-қыстау заманда әркімнің басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Осы орайда Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өткен келесі «Аз жақсылық жасағанға да көп рақмет айту – парыз» әдеби лейтмотив кешіне арнайы шақырылған Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері, ақын-жыршы Ертай Тазабеков, облыстық «Манас-Ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев, ««Полонез» поляк тілі орталығы және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лариса Калькова, Қазақстан студенттері Альянсы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дархан Байпақ Алғыс айту күнінің мәдениетіміздегі алатын орны мен этносаралық мәдениет турасында сөз қозғап, айтулы күнін тойлаудың саяси астарына тоқталды. Қонақтар жастарды мемлекеттік тілімізді ұлықтауға шақырып, барша жиналған қауымды осы мерекемен құттықтады. Шара соңында кітапханашылар әсем ән шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Comments (0)
Add Comment