Астанада қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Басқарма төрағасы жанындағы ата-аналар Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бұл Зияткерлік мектептердегі оқушылардың әл-ауқаты мен мектеп өміріне ата-аналардың белсенді араласуына жағдай жасайды.
Сонымен бірге өңірлердегі Зияткерлік мектеп оқушылары ата-аналарының атынан келген өкілдер NIS экожүйесіндегі өзгерістер мен шешімдерді қабылдауда өз ұсыныстарын білдіре алады.
Жиынға Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жалпы ата-аналар комитетінің төрағасы ретінде Есжанова Гульмира Усеновна қатысып қайтты.
Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин өңірлерден келген ата-аналарға ұйым мен орталықтар жұмысын таныстырды. Сондай-ақ алдағы уақытта қандай өзгерістер мен байыпты бастамалар болатынын айтты.
PISA-2022 нәтижелері ата-аналардың оқу процесіне араласуы мен мектептермен тиімді қарым-қатынас орнатуы оқушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, олардың академиялық үлгерімін де, жалпы әл-ауқатын да жақсартуға оң ықпалын тигізетінін көрсетті. Сондықтан біз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жанынан ата-аналар Кеңесін құрып, олармен тығыз байланыс орнатуды шештік, – деді.
Жиын барысында Кеңестің Әдеп кодексіне қол қойылып, ережесі бекітілді. Алдағы оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспары айқындалды.