Халықаралық жастар күніне орай облыстық және Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен белсенді жастар «Жастар және таза әлем» атты акция өткізді.
Қаладағы каналдарды тазалау және шаһар тұрғындары арасында экологиялық сауаттылықты арттыруды мақсат тұтқан шараға 100-ден астам жас пен «Жасыл ел» еңбек жасағының жауынгерлері жұмылдырылды. Осылайша жастар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, «Қарасу-2» каналын түгелдей тазалап, күл-қоқысты шығарып, қоғамдық орындарды сыпырып, ретке келтірді.
– Бұл акция арқылы су ресурстарын тазалап қана қоймай, жастар мен қала тұрғындарын экологиялық жауапкершілікке ынталандыруды мақсат еттік. Бүгін сол мақсатымыз орындалып отыр. Жастар қашанда тазалықты қолдайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастырамыз, – деді Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов.
Әмина Мұса