Академик атындағы көшеге асфальт төселуде

Бүгінде Тараз қаласында жолдарды жөндеуге айрықша назар аударылуда. Шаһардың үш жылға арналған даму жоспарында да бұған ерекше екпін түсірілген. Әсіресе бірінші кезекте көлік қозғалысы көп, екіншіден, талай жылдан бері жөндеу көрмеген жолдарға баса мән берілуде. Солардың бірі – Қаныш Сәтбаев атындағы көше.

Бұған дейін мұнда қазір жол негіздемесі дайындалып, жол жиегіне бордюрлер қойылған болатын. Қазіргі таңда көшеге асфальт төселуде. «Арайстройгруп» ЖШС мердігерлігімен қолға алынып жатқан жолдың ұзындығы – бір шақырым екі жүз метр.
– Қолбасшы Қойгелді көшесі мен Жамбыл даңғылы аралығындағы жол жөндеу жұмыстарына 10 техника, 20-дан астам жұмысшы жұмылдырылған. Қазір жолға асфальттің бірінші қабаты төселді. Енді шамалы күннен кейін екінші қабатын төсеуді қолға аламыз. Құрылыс жұмыстары өзінің межелі мерзімінде аяқталады деп күтілуде, – дейді техникалық қадағалаушы Темірлан Қалдашов.
Жалпы аталған аумақта «Нұралы» базары орналасқаны баршаға белгілі. Жол құрылысы жұмыстарына байланысты қазір аталмыш базар қайта жаңғыртылып, заманауи киоскілер орнатылды. Соның нәтижесінде жол ауқымы ұлғайып, кең көлік тұрағының ашылуына мүмкіндік жасалды.
Алдағы уақытта қалған сауда киоскілері де жаңаша кейіпке еніп, артқа шегеріледі. Бұл тұрғындардың көптен бергі тілегі болатын.

Дедек Төлен

Comments (0)
Add Comment