Қайырымдылық – асыл қасиет

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, – дейді халқымыз. Қайырымдылық адамзат бойындағы ерекше бір ізгілік болып саналады.

Сондай-ақ ол адамның таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбеюде. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әр кезде табылады.
Ақиқатында қазақ табиғатынан қайырымды халық. Қазақстан секілді энтосаралық және дінаралық келісімнің өзіндік моделі қалыптасқан көп ұлтты мемлекетте қайырымдылық жасауға барлық негіз бар. Бұған бейбітшілік пен қайырымдылық ту еткен еліміздегі діндер мен конфессиясы да септігін тигізуде.

Наргиза СЕЙТНАЗАРОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Конвергентті журналистика» мамандығының 4 курс студенті

Comments (0)
Add Comment