Айыппұл өндіруден алдыңғы қатардамыз

Таяуда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жамбыл облысы бойынша басқармасының бастамасымен, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеровтің төрағалығымен Жамбыл облысында уәкілетті мемлекеттік органдармен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Кеңесті облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров ашып, күн тәртібінде қаралып отырған мәселенің маңызы зор екенін атап өтті.

Жамбыл облысындағы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары Г.Б.Дүйсембекова баяндады.

Кеңес барысында облыстың қала, аудандарына бөліп қарағанда, айыппұлдарды өндіріп алудың ең төмен пайызы Жуалы ауданында – 78, Талас ауданында – 77, Тараз қаласында – 71, Т.Рысқұлов ауданында 68 пайызды құрап отырғандығы айтылды.

Сонымен қатар Мойынқұм, Жамбыл, Меркі аудандарындағы органдардың жұмысын атап өту қажет. Оларда өндіріп алудың көрсеткіші 87 пайызды құраған. Сонымен қатар облыста органдармен айыппұлдың 1 миллиард 302 миллион теңгесі немесе 27 пайызы әлі күнге дейін өндірілмеген.

Сондай-ақ полиция органдарымен жеке сот орындаушыларға айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеніне қарамастан, мәжбүрлеп орындатуға жібермеу және айыппұл салынған әкімшілік істер бойынша қажетті толық сомаға ауыстыру немесе тоқтату туралы шешімдер қабылдау секілді кемшіліктер айтылды.

Өзара талқылау барысында айыппұлдарды мемлекеттік бюджетке өндіруге бағытталған бірлескен іс-шаралар нақтыланып, жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары қорытындылады.

Құрбанәлі АМАНКЕЛДІҰЛЫ

Comments (0)
Add Comment