Айым Сейтметова жуырда ана атанады

  Актриса, танымал блогер Айым Сейтметова жақында ана атанбақ. Бұл қуанышымен бикеш әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Иә, біз жақында ата-ана боламыз. Әрі қарай жасыру мүмкін емес әрі оның мәнісі де жоқ. Өзім әлі күнге дейін сене алар емеспін», – деп елден сүйінші сұрады Айым.

Өнердегі әріптестері мен фанаттары Айымды жарыса құттықтады.

Айта кетейік, Айым Сейтметова отандық танымал актерлер жұбы Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Ол 2019 жылы Талғат Итаев есімді кәсіпкер азаматқа тұрмысқа шыққан болатын. Бұл –  Талғат Итаевтың екінші некесі. Алғашқы отбасынан екі баласы өсіп келеді. Бұған дейін, Айым күйеуінің балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтқан еді.

Comments (0)
Add Comment