«Қайта тұрмысқа шыққым келмейді»: Сиви Махмуди ажырасуына қатысты жауап берді

Сиви Махмуди жұбайымен неліктен ажырасты? Әнші екінші рет тұрмыс құруы мүмкін бе? Осы және өзге сауалдарға Сиви Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірер күн бұрын Сиви 10 жыл отасқан жары Аңсармен ажырасқанын айтты. Экс-жұбайлар үйленгенге дейін 2 жыл қыз-жігіт болып кездескен. Бас-аяғы 12 жылды бірге өткізген Сиви мен Аңсар былтыр ат құйрығын үзіскен. Алайда әнші жеке өміріне қатысты бұл жаңалықты тек биыл жария етті. Instagram-дағы парақшасында Сиви қайта тұрмыс құру туралы сауалға жауап берді.

Алғашқыда:
«Қайта тұрмысқа шыққым келмейтін сияқты», – деп кесіп айтқан ол кейіннен бұл сұрақты болашақтың еншісіне қалдыратынын жеткізді.

Сондай-ақ, әнші ажырасу себебін айтудан бас тартты.

«Себебі ол ортақ балаларымыздың әкесі. Барлығына жақсылық тілеймін», – деді Сиви.

Әншінің бұл некесінен екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді. Үш баланың арасы 1 жастан. Өмірін отбасына арнаған әнші үш рет отаға түскенін, алайда оған еш өкінбейтінін айтады.

«Мен үш жыл қатарынан кесарь тілігімен үш бала тудым. Өте ауыр болды. Бірақ қазір өкінбеймін, мен бақыттымын», – деді ол.

Comments (0)
Add Comment