Айсәуле Бақытбек: Әкем үйленсе, оның әйелімен қуана тіл табысамын

Айсәуле Бақытбек анасының күйеуі Тұрсын Алагөзовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Ол отбасында ешкімнің жеке өміріне араласпайтынын, әкесі екінші рет отбасын құрған жағдайда оның да таңдауын құрметтейтінін жеткізді, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біздің отбасымызда біреудің өміріне араласу дұрыс саналмайды. Ересек, саналы адамдарда солай болуы тиіс деп санаймын. Анамның күйеуіне құрметпен, қалыпты қараймын.

Әкем үйленген кезде, оның да әйелімен қуана тіл табысамын. Тиісінше, олар да маған сондай қарым-қатынас жасайды. Барлығы бақытты. Негізінде қарапайым нәрселерді адамдардың неге қиындататынын түсінбеймін», – деді Айсәуле.

Бұдан өзге, бикеш босану туралы сауалға жауап берді.

«Қорықпауға және босану туралы аса ойламауға тырысамын. Себебі бұл процесс бәрібір тек бір Алланың қолында. Күнде «қазір босанамын» деп қорқып жүре берсең, өмірден ләззат алуды да ұмытасың», – дейді Айсәуле.


Comments (0)
Add Comment