Қайраткер рухына тағзым

Мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Жандар Кәрібайұлының тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатылды. Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысып, қайраткердің еліміздің дамуына қосқан сүбелі үлесіне айрықша тоқталды.

– Жандар Кəрібайұлы саналы ғұмырын туған елінің өркендеуіне арнады. Ол еңбек жолын қарапайым ұстаздықтан бастап, қай салада жүрсе де өзін ісіне адал, ұлт болашағына жанашыр, əділ де табанды басшы ретінде танытты. Зейнетке шыққаннан кейін де қоғам өмірінен қол үзбей, игілікті істердің ұйытқысы болып, басынан табылды, – деді Нұржан Сəбитұлы.
Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков жəне қайраткердің жұбайы мен туыстары жүрекжарды естеліктерін бөлісті.
Жандар Кəрібайұлы əр жылдары Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі, басылымның редакторы, аталмыш аудандағы партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитеті идеология бөлімінің меңгерушісі жəне Парламент Сенатының депутаты қызметтерін абыроймен атқарған.

Жаннұр МУХАНОВА

Comments (0)
Add Comment