Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істің тергелуі туралы ақпарат жариялады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелері ұрлығының қосымша фактілері анықталды.

Олар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компания басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды, делінген ведомство хабарамасында.

Comments (0)
Add Comment