Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды

Қайрат Оразбаев Атырау әкімі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды “Jambul-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев 30 желтоқсаннан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шықты. 2022 жылдың 10 қаңтарында жұмысқа шақыртылды. Денсаулық жағдайына байланысты 11 қаңтардан бастап Қайрат Оразбаев емделіп жатыр.

Облыс әкімінің өкімі бойынша, 14 қаңтарда Қайрат Оразбаев берген өтініші негізінде Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта қала әкімі міндетін әкімнің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқарады», – деді Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қайрат Оразбаев Атырау әкімі болып 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған еді.

Бұған дейін Атырау әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімі Қайрат Оразбаев қайда болғанын айтқан еді. Бұл туралы «АқЖайық» басылымы жазған болатын.

Comments (0)
Add Comment