Қайрат Нұртастың ұлының жүрегіне ота жасалмайтын болды

Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл ауруханадан шықты. Кардиоорталықта жасалған емнен кейін оның жағдайы жақсарған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі KZNEWS.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты. «Нарұлымның жағдайын сұрап жатқан барша жанашыр жанға рахметімді айтқым келіп отыр. Дәл қазір кардиоорталыққа келіп отырмын. Әуелі Алла, одан кейін көптің дұға-тілегінің арқасында баламның жағдайы қазір жақсарды. Ең бастысы, балама қайта ота жасалмайтын болды. Соны естіп, жүрегім тыныш тапты. Бұл мен үшін ең маңыздысы болған. Бірақ ары қарай міндетті түрде емін қабылдаймыз. Дәрігердің қарауында үш ай сайын боламыз», – деген ол толқығаннан жылап жіберді.

Comments (0)
Add Comment