Қайрат Нұртас туған күнін тойлау үшін Мальдив аралдарына аттанды. Әнші бұл күні балаларын өз жанынан көргісі келгенін, алайда бұйырмағанын өкінішпен хабарлады, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Instagram оқырмандары Қайратты отбасынан жырақта жүретіні үшін жиі сөгеді. Әнші меншікті мерекесін Мальдив аралдарында бейтаныс адамдармен бірге өткізетінін айтқан сәтте де көпшілік оны сынға алған.
«Көзіңде мұң бар. Өкінішке қарай, сен бақыттың не екенін, оны қалай бағалау керектігін түсінбедің. Оқисың ба, жоқ па, білмеймін. Бірақ сен бақытыңды жіберіп алып отырсың. Оны сақташы. Жұлдыздан артық әйел болмайды. Анаңның ізінен жүрме. Ол онсыз да өзінікін алып, өмір сүруде. Ал сен ше? Тек ақша әкелетін нысан ғанасың. Пайдакүнемдік», – деп жазды оқырмандардың бірі әншінің желідегі соңғы жазбасына.
Осы сынды хаттар әншінің көңіліне тисе керек, ол стористе әсерлі видео жариялады. Онда Қайрат балаларының ән айтқан видеосын көзіне жас ала отырып, тамашалауда.
«Мен ойсыз емеспін біреулер ойлағандай. Ессіз де емеспін… Туған күнімде балаларымның жанымда болуларына барымды салсам да, бұйырмады. Алла хайырын берсін! Ақ жол!» – деп жазды әншінің өзі.