Айнұр Тұрсынбаева жуырда ғана босағасын аттаған келіні мен ұлын қажылыққа ертіп әкетті. Айтыскер ақынның айтуынша, бұл жас келіннің Мекке мен Мединаға алғаш рет келуі, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақын қасиетті мекенге отбасымен бірге барғанын атап өтті.
«Алла Сіздерге де Өзінің Қасиетті қаласына қадірлі қонақ болуды нәсіп етсін.
Келінім Мадинаның Мекке/Мадинаға алғаш рет келуі», – деп бөлісті Тұрсынбаева Instagram парақшасында.