Айқын Төлепберген отбасымен АҚШ-қа аттанды

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали балаларымен бірге АҚШ-қа аттанды. Отбасы Америкада демалып әрі Айқынның концертін қойып келмек, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айқын Америкадағы қазақ жастарының басын қосып, Kazakh Party ұйымдастырмақ. Кеш 9 ақпан күні Майамиде, 13 ақпан – Лос-Анджелесте, 15 ақпан Нью-Йоркте өтеді деп жоспарлануда.

«Негізі АҚШ-қа демалысқа бара жатырмыз. Бірақ біз демалыс пен жұмысты қатар ұстайтын жандардың біріміз! Оның үстіне 10 ақпанда юбилейім бар», –  деп бөлісті Айқын. 

Айта кетейік , төрт баланың әкесі Айқын Төлепберген биыл 40 жасқа толады.

Comments (0)
Add Comment