Әнші Айқын бірінші әйелі Әселмен бірге ұлы Аңсардың туған күнін атап өтті. Бұл қуанышта әншінің екі некеден туған балалары бас қосты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Айқын екі некеден туған балаларымен жақын араласады. Екі отбасынан туған балалары бір-бірін бауыр көреді. Қуанышты бірге атап өтеді. Жары Жұлдыз Айқынның бірінші некеден туған балаларын жақсы көретінін, өгейлік танытпайтынын айтып жүреді. Бұл жолы екі отбасы Айқынның үлкен ұлының туған күнін атап өтті.
Аңсарға арнайы торт тарту етілді. Өзгелер құттықтасып жатты. Ал күндіз бәрі бірге қыдырып, көңіл көтерді.
Желі қолданушылары әншінің жары Әселдің әдемі келіншек екенін айтып жатыр. Енді бірі екі отбасын тең көрген Айқынға қолдау көрсетті.
“Әсел қандай әдемі”, “Әселдің жақсы әйел екені көрініп тұр”, “Екі отбасын тең көргеніне рахмет, “Менің оған жаным ашиды”, “Қазір ешқандай реніш жоқ секілді, бәрі ұмытылған, тек балалардың бақыты үшін бәрі”, “Екі кеменің басы ұстаған суға кетеді дегенді қазақ атам баяғыда айтқан екен”, “Балалардың бірге өскені дұрыс”, –деп жазды олар.
Айта кетейік, Айқынның екі некеден туған екі қыз, екі ұлы бар. Екі отбасынан туған балалар жақын араласады.