Қадаға болмаса, субұрқақтар қайдан ақсын?

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасына сәйкес өңір басшысының орынбасары Рүстем Дәулет пен қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил шаһар аумағындағы субұрқақтарды аралап, қазіргі жағдайын зерделеді.

Қалада жалпы 29 субұрқақ бар. Соның ішінде 15-і шілде айына дейін істемей тұрған. 1-ші шілдеге дейін 7-уі жөнделіп, іске қосылды. Арбат-1 және Арбат-2 алаңындарындағы 8 субұрқақ әзірге жұмыс істемей тұр. Оның 4-уі жаңадан салынған нысан ретіндегі кепілдік мерзімі аяқталмаған. Қазіргі кезде мердігерге сотқа дейінгі ескерту хабарлама беріліп, кепілдік мерзіміне сәйкес қайта қалпына келтіру міндеттелуде. Ал қалған 4 субұрқаққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Зерделеу барысында саябақтағы суару жүйесіндегі ақаулар мен кемшіліктерді жою , оны күтіп ұстаушы мекеме «Жасыл ел Тараз» ЖШС-нің жұмысын дереу жүйеге келтіру бойынша облыс басшылығы тарапынан қаланың жауапты тұлғаларына тиісті тапсырмалар берілді.

Жұматай Көксубай

Comments (0)
Add Comment