Абайлаңыз, пойыз!

2020 жылғы 22 қыркүйектен бастап 24 қыркүйек аралығында Тараз ст. ЖПБ қызмет көрсету аумағында «Абайлаңыз, пойыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасы Жамбыл көлік прокуратурасының, «Nur Otan» ХДП, білім беру орындарының және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесе отырып өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз болуын анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алуы, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау және жолын кесу, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу, сондай-ақ оларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін таныстырып, түсіндіру болып табылады.

Лаура Көпбаева, Тараз ст. ЖПБ ӘПБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны

Comments (0)
Add Comment