Қарағанды облысындағы шахтада қайтыс болған кеншілердің отбасына онжылдық жалақылары төленеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин брифингте мәлім етті.
Оның сөзінше, марқұм кеншілердің алған несиелерін өтеу қарастырылады. Одан бөлек, олардың студент балаларының оқу ақысын да төлеу мәселесі көтеріледі.
Сонымен қатар, жеке еңбек шарттарына сүйене отырып, мұқтаж адамдарға тұрғын үй беру жағы қарастырылып жатыр.
Бұған дейін Express Qazaqstan Абай шахтасында алты адамның қайтыс болғаны туралы жазған болатын. Одан бөлек екі кенші ауруханаға жатқызылды.