Абай облысының полиция қызметкері Qazaq kuresі бойынша әлем чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем біріншілігі 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өткен. Оған 20 елден келген спортшылар қатысты.
Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті.
Сафуан – Qazaq kuresі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.