14 тамызда кішкентай қызды зорлау дерегі бойынша анасының арызымен облыстық Полиция департаментінде соталды тергеу басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жәбірленуші 9 жаста. Аzattyq Ruhy басылымына жәбірленушінің анасы 48 жастағы көршісі кішкентай қызын қорлағанын айтқан. Қазір қызға медициналық көмек қажет, себебі ағзасы қатты зақымданған.
«Сараптама әлі дайын емес, бірақ сот-медициналық сараптама қаралды. Қасында өзім болдым. Оның туысының полицияда жүргені қорқынышты», – деді анасы.
Соталды тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды. Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Балаға медициналық көмек көрсетілді.
«Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», – деді полиция қызметкерлері.