Абай даңғылы уақытша жабылады

Абай даңғылы уақытша жабылады

Тараз қаласында Абай даңғылының темір жол үсті арқылы үлкен жол өткелін, яғни көпір салу жоспарланған. 14 наурызда аталған жоба салтанатты түрде басталады.
Соған орай, сағат 12:00-ден бастап 16:00-ге дейін Абай даңғылы мен Байзақ батыр көшесінің қиылысынан бастап Балуан Шолақ көшесіне дейінгі аралықтағы жол уақытша толық жабылады. Көлік қозғалысы тоқтатылады.
Көлік жүргізушілері Мәншүк Мәметова көшесі арқылы, сонымен қатар С.Аққозиев, Ташкент көшелері арқылы айналып өтуіне болады.
Уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз. Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала бағдарлап алуды ескертеміз.

Comments (0)
Add Comment