Ағымдағы жылы 25 аула абаттандырылды

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтуде. Брифингте шаһар басшысы облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жайында баяндама жасауда.

Ағымдағы жылы аулаларды абаттандыру, оның ішінде, балалар ойын алаңшасын салуға қала бюджетінен тиісті қаржы бөлініп, 25 мекенжайда абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы шаһарда 8 шағын футбол алаңшасының құрылысы аяқталса, 1 алаңшасының құрылысы әлі жалғасуда. Сондай-ақ, қала ішіндегі 14 футбол алаңшасы жаңғыртылуда.

Comments (0)
Add Comment