Ең алдымен қаңғыбас, бос жүрген иттер қайдан шығады десек, ол жануарлар иесінің дұрыс қарамауынан, итті бос жіберуінен, жауапсыздық салдарынан. Ит иелері өздеріне жауапкершілікті ала білгендері жөн.
Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды аулау қызметі жүзеге асырады.
Қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары азаматтардан түскен сұраныстар мен өтініштерге сәйкес жүргізіледі. Кемінде үш дарақтан тұрса топтық жануарларға кестеден тыс аулау жүргізіледі. Аулау жануарларға зиян келтірмейтін құралдармен оқшаулау торларды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған жануарларды қимылсыздандыруға арналған препараттарды қолдана отырып жүзеге асырылады.
Ауланған жануарлар уақытша ұстау пунктіне орналастырылады. Сол уақыт ішінде олардың иелерін немесе асырап алушыларды іздестіреді. Иелеріне табылған қаңғыбас жануарлар өз иелеріне қайтарылады. Ал қалған жануарлар кастрациядан және стерильденгеннен кейін сауығуына қарай вакцинация жасалынып, дерекқор базасына тіркеліп, табиғи мекендеу ортасына жіберіледі немесе панажайларға беріледі.
Олардың ішінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін агрессивті, ауру жануарлар дереу жансыздандырылуға жатады. Иттерді қамап ұстаңыздар. Қатер төндіруде. Қала тұрғындарынан көптеп арыздар түсуде. Мектеп оқушыларын тістеп алу қауіпі көп. Жануарларға жауапкершілікпен қарау керек.
Олар алдымен жұқпалы ауруларды тасымалдаушылар және құтыру белгілері байқалғанда адамға шабуыл жасауы мүмкін. Оның соңы өлімге әкеліп соқтыруы да ғажап емес. Сондықтан да, ит ұстайтын тұрғындар жауапкершілікті жете түсінуі тиіс. Әсіресе, асыраудағы итін бос жібермей, қарғыбаумен байлауда ұстау турасында тағы бір еске салғымыз келеді. Өйткені, ит ұстаушы азаматтардың сана-сезімі оянып, өзгелерге деген құрметі артса, мақұлық хайуаннан зардап шегушілер болмас еді. Қаңғыбас иттер де азаяр еді.