Ақтаулық футболист үйлену тойында Аргентинаның жеңісін тойлады (ВИДЕО)

Ресейлік «Зенит» клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ақтаудағы үйлену тойында Аргентинаның жеңісін тойлады деп жазады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жастардың үйлену тойы Ақтау қаласындағы «Хан шахар» салтанат сарайында өткен.

Үйлену тойы кезінде мейрамханадағы экрандардан әлем чемпионатынан тікелей көрсетілім қойылған.

Ал әлем чемпионатының жеңімпазы анықталған сәтте футболистің мейрамхананың ортасында шаттанып жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Comments (0)
Add Comment