Ақтауда жас қыз 15-шағын ауданындағы «Оазис» тұрғын үй кешенінің он бесінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұм пәтерден терезеден құлап түскен.
Полиция департаменті кезекші пультіне шақыру 29 желтоқсанда сағат 17:58-де түскен. Жас қыз 24 жаста еді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.