Ақтауда жанармай бекетінің жанында ер адамның мәйіті табылды

Ақтауда жанармай бекетінің жанынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазан күні сағат 09:29-да Ақтау полиция басқармасының «102» пультіне 8-шағынауданда орналасқан «Qazaq Oil» жанармай бекетінің артынан белгісіз ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде қоңырау түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Comments (0)
Add Comment