Ақтауда сатып алушы арба іздеп жүргенде, екі ер адам азық-түліктерін ұрлап кеткен (видео)

Ақтауда сатып алушы арба іздеп жүргенде екі ер адам жол шетінде тұрған азық-түліктерін ұрлап кеткен. Азаматтардың қылмыстары бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұрлық 17 желтоқсан күні таңертеңгі уақыта 23-шағын аудандағы «РусКаз» базарына кіре беріс аумақтағы «Кувшин» мүсіндік композициясына қарама-қарсы жерде болған.

Жергілікті тұрғын азық-түлік сатып алып, өзі арба алып келу үшін заттарды жол бойына қойып кетеді. Осы уақытта бақылау камераларынан көрініп тұрғандай, екі ер адам келіп, қорап пен қапты көтеріп алып кеткен.

Редакцияның мәліметінше, ұрлық жасаған күдіктілер екі рет қылмыстарын қайталап, екі қорап алма мен біп қап пиязды қолды қылған. Келтірілген жалпы шығын шамамен 20 мың теңгені құрады.

Жәбірленуші полиция бөліміне арызданған.

Comments (0)
Add Comment