Ақтауда «наразылық» белгісі ретінде итбалықтың екі метрлік мүсіні орнатылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Итбалықтың» шағын архитектуралық формасын шығармашылық ұжым жасаған. Авторлық туынды демеушілік қаражат есебінен Ақтау қаласындағы 15-ықшамаудан жағалауында орнатылған.
Әкімдік мәліметінше, итбалық Ақтаудың символдарының бірі – Каспий теңізінің эндемигі.
«Авторларды, кейінгі бірнеше жылда осы әдемі жануарларға қатыгездікпен қарау туралы жаңалықтар алаңдатады. Бұл шағын архитектуралық пішін – бізді қоршаған өте нәзік және қорғансыз әлемге қатыгез көзқарасқа наразылық», – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.