Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

Ақтауда оқиға куәгерлері 32 ықшам  аудандағы «Шаңырақ» тұрғын үй кешенінің жанынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Lada.kz редакциясына 32 шағын ауданда, «Шаңырақ» тұрғын үй кешені ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылды деген хабар келіп түсті.

«Мүмкін оны біреу танитын немесе іздеп жүрген шығар», — дейді куәгерлер.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамның мәйіті қаңтардың 3-інен 4-іне қараған түні табылған.

Редакция түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне жүгінді. Бірақ ведомство ер адамның қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Comments (0)
Add Comment