Ақтауда ер адам супермаркетті қиратып кеткен

Ақтауда есірткі саудасымен айналысатын ер адам супермаркетті қиратып кеткен, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

16 қаңтар күні түнде белгісіз ер адам Ақтаудағы супермаркеттердің бірінің терезесін сындырып кіріп, ішіндегі түрлі тамақтарды шаша бастаған. Дүкенде дабыл қағып, оқиға орнына полиция дереу жеткен.

Тәртіп сақшылары 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол 2013 жылдан бері наркологиялық есепте тұрған, алдын ала мәлімет бойынша, дүкенге есірткі іздеп кірген. Қылмыс жасаған кезде ол ес-түссіз болған.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы «Ұрлық жасауға оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол әкімшілік қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Comments (0)
Add Comment