Ақтау – Жетібай тасжолының бойында көлік жарылып кетті

Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті, – деп хабарлайды lada.kz сайты.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақтау-Жетібай трассасынан 35 км қашықтықта блған.

1995 жылғы Nissan Maxima көлігінен өрт шыққаны туралы хабар 12 тамыз күні 20-23-те түскен.

«Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20:58-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен бес адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр» делінген ақпаратта.

Comments (0)
Add Comment