Ақтау орталығында Ресей азаматының тұрып жатқан пәтерін тонап кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 11-шағын аудандағы №39 үйде болған.
Ал ұрылардың пәтерге түскені жайлы мәлімет әлеуметтік желіде тарады.
Аталған жайтты полиция департаментінде растап отыр. Қазіргі уақытта тонау дерегімен шұғыл іздеу шаралары жүргізіліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.