Қаңтарда азапталған қырғыз музыкантына қатысты тергеу аяқталды

Қырғызстанның құқық қорғау органдары Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған музыкант Викрам Рузахуновтың азапталуына қатысты істі тергеу аяқталды. Материалдар Қазақстанға жіберілмек деп хабарлады turkystan.kzUlysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Рузахуновтың өзі Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Сарапшылар менің денсаулығыма ауыр зиян келтірілді деп бағалады. Жиналған материалдар Қырғызстанның Бас прокуратурасы арқылы кінәлі тұлғаларды анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанның құзыретті органдарына жіберілетін болады», — деді ол.

Айта кетсек, Қазақстандағы қаңтар қырғыны кезінде Қырғызстанның 10-ға жуық азаматы ұсталып, босатылған. Олардың арасында белгілі қырғыз музыканты Викрам Рузахунов та болды.

Ақпанда  Қырғызстан прокуратурасы музыканның азапталуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Comments (0)
Add Comment