Ақтөбе облысы Темір ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды Экспресс К.
Қайғылы оқиға бүгін Ақтөбе — Болгарка — Шұбарқұдық тас жолының бойында 17:00-де болған.
Ақтөбе қаласына қарай шыққан Газель автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Тoyota Camry автокөлігімен соқтығысады. Салдарынан Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал төрт жолаушы Темір аудандық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі таңда ҚК-тің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.