Ақтөбеде тәнін саудалаған 15 әйел мен үш жеңгетай ұсталды

 Ақтөбе облысының аумағында «ЅТОР трафик» алдын алу шарасы өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда 3 жеңгетай мен жыныстық қарым-қатынас ұсынған 15 адам ұсталды. Тәртіп сақшылары пәтерлерді, жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша, сауна мен қонақ үйлерді тексерді. Сондай-ақ адамның еңбегін заңсыз пайдалану, ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру қылмыстарын ашу мақсатында шаруа қожалықтары мен құрылыс нысандарын аралап шықты. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда адамдарға тиіскен 63 деректі тіркеді.

Үш дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» және бір дерек негізінде «Адам саудасы» бабы бойынша іс қозғалды. «Жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар берудің үш дерегі анықталды. Сонымен қатар тәнін саудалаған 15 әйел мен үш жеңгетай анықталып, есепке алынды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Comments (0)
Add Comment