Ақсу зауытында жұмысшы қаза тапты

Ақсу ферроқорытпа зауытында ер адам қаза болды. Бұл туралы зауыттың Instagram парақшасында жарияланды деп жазады turkystan.kz.

Оқиға 20 желтоқсан күні сағат 08.21-де Ақсу ферроқорытпа зауытындағы​ балқыту цехында болған. Конвейер жабдығына қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алған.

«Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен адам Ақсу орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды», – делінген жазбада.

Оқиға туралы мемлекеттік мекемелерге хабарланып, тергеу басталды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Зауыт марқұмның отбасына барлық қажет көмек көрсетілетінін атап өтті.

Comments (0)
Add Comment