АҚШ Украинаға тағы да әскери көмек бермек

Джо Байден АҚШ тағы да Украинаға ондаған ауыр зеңбірек, оқ-дәрі мен әскери дрондарды жібереді. Осы мақсатта қамақты қаражат жұмсамақ деп хабарлайды turkystan.kz.

АҚШ өткен аптада да Украинаға 800 миллион доллар көлемінде әскери көмек жөнелткен. Енді тағы да Украинаға әскери көмек ретінде 800 миллион доллар бөлмек. Пентагон болса, ендігі әскери көмектің алғашқы партиясы Украинаға 2 күн ішінде жеткізілетінін айтты.

«Біз соңғы екі айда Украинаға қару-жарақ пен техниканы барынша жылдам жөнелттік.Танктер мен тікұшақтарға және дрондарға қарсы мыңдаған қару, бұдан бөлек пулемет, автомат және радарлық жүйелер жібердік. Қазірге дейін 50 мың оқ-дәрі аттандырылды. Сондай-ақ біз Украинамен барлау мәліметтерімен бөлісіп келеміз», – АҚШ президенті Джо Байден.

Comments (0)
Add Comment