АҚШ мектептерінің бірінде тағы да атыс болды

Коларадо штатындағы мектеп маңында оқ атылды. Атыс кезінде 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, белгісіз біреу мектеп жанындағы саябақта оқ атқан.

Атыс кезінде бірнеше адам жарақат алған. Алайда олардың жасы мен қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Зардап шеккен 14-17 жас аралығындағы 5 жасөспірім ауруханаға жеткізілді,

— деп көрсетілген хабарламада.

Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, оқ атқан адам оқиға орнынан тайып тұрған. Қазіргі уақытта мектепті полиция қызметкерлері күзетіп тұр.

Comments (0)
Add Comment