АҚШ-қа кеткен Марат Омаров имиджін өзгертіп тастады

Марат Омаров сыртқы келбетін өзгертіп, тыңдарманын таңғалдырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Композитор Марат Омаров бірнеше айдан бері АҚШ-та уақыт өткізуде. Жат жерде жүрген музыкант туған елі мен осындағы достарын сағынған көрінеді. Ол достарға арналған жаңа әнін көпшілікке ұсынды.

Алайда видеоны көрген тыңдармандар әншіден бұрын, оның сырт келбетін сөз етті. Көпшілігі Омаровтың әнші Әділ Сламханға ұқсап қалғанын атап өткен.

«Танымай қалдым ғой. Аға, аман болыңыз», «Сол жақтың адамдарына ұқсап кетіпсіз, даусыңыздан таныдым», «Мәссаған, мұртыңызды алып тастадыңыз ба? Бірақ жарасады екен, жап-жас болып кетіпсіз», «Әділ Сламханға пародия», «Әділ Сламхан екен деп қалдық», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Comments (0)
Add Comment