Ақсайда бизнесменді өз үйінде өлтіріп кетті. Мұндай хабарлама жергілікті чаттарда таралды деп хабарлайды turkystan.kz “Мой город” басылымына сілтеме жасап.
Оның денесі өз үйінен табылған. Хабарламада кәсіпкердің денесінен зорлық-зомбылық белгілері бар екені айтылды. Көршілер ер адамның өлімі туралы ақпаратты растап отыр. Ал БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі істің прокуратурада бекітілгенін күтіп отырғанын хабарлады. «Түсініктеме тек дүйсенбіде беріледі» деп жауап берді.