Алматының «Кайрат» футбол клубы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қамауда отырған Қайрат Боранбаевқа қатысты хат дайындады деп хабарлады turkystan.kz.
«Клубтың еңбек ұжымы, ойыншылары, жаттықтырушылары мен ардагерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының кепілі ретінде ел Президентінен «Қайрат» футбол командасы бақылаушы кеңесінің төрағасына қатысты қозғалған істе заңдылықты сақтауды және сотта істі әділ қарауды өтініп сұрайды», – делінген команданың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Хатқа қол қойғандардың арасында Құралбек Ордабаев, Владимир Никитенко, Самат Смақов, Сейілда Байшақов, Вахид Масудов пен басқа да ардагерлер бар.